Ғылыми ақпаратты жинау, бекіту және сақтау – ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңдерінің бірі. Ол арнайы бланкілерге жазу, зертханалық журналдар жүргізу, графиктер мен сызбалар жасау, компьютерлік бағдарламалар арқылы есептеу, архив құжаттарын тіркеу сияқты тәсілдер арқылы іске асады.